Тағы бір тасжол ақылы болмақ

Көлік министрлігі мәліметінше, республикалық маңызы бар Ақтау - Бейнеу тасжолы ақылы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрліктің бұйрығына сәйкес 17 тамыздан бастап Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау тасжолына жататын Ақтау - Жетібай - Шетпе - Бейнеу бағыты бойынша республикалық маңызы бар 786-дан 513-шақырымға дейінгі тасжол учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Жолдың ақылы учаскесі басталатын жер - 786-шақырым, ал соңы - 513-шақырым және 850-метр.

Жолдың ақылы учаскесінің ұзындығы 272,15 шақырымға жетеді, бұл учаске ақылы негізде 20 жыл пайдаланылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!