- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тағы бір секс-притон:...
Тағы бір секс-притон: Астанада әйел жезөкшелер үйін ұстаған
Фото:
Видеодан алынған кадр
Астанада әйел жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сарыарқа ауданы әкімдігі мен прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері қала тұрғындарының шағымы бойынша рейдтер жүргізді.
Рейд өткізу барысында Сарыарқа ауданының жедел қызметкерлері, жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған 45 жастағы әйелді анықтады. Ол 16 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін клиенттерді әйелдермен табыстырған.
Бұл дерекке қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен әйелге қатысты "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасы қолданылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек