Тағы бір өңірде жолдарды бақылау үшін дрондар қолданылады

Фото: Видео кадры

Ақтөбе облысында полицейлер қала сыртындағы тасжолдарда дрондарды пайдаланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының полициясы қала сыртындағы тасжолдарда жол апаттарының алдын алу және оларды бақылау үшін дрондарды пайдаланбақ. Бұл шара жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға, әсіресе, жол апаты қаупі жоғары учаскелерде оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

"Дрондар көмегімен полиция қарсы жолаққа шығу және жол белгілерін кесіп өту сияқты заңбұзушылықтарды тіркей алады. Бұл заңбұзушылықтар алты айға жүргізуші куәлігінен айыру сияқты қатаң санкцияларды көздейді. Мұндай әдіс құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етіп, жол апаттарының алдын алуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында да жолдағы құқықбұзушылықтарды тіркеу үшін дрондар іске қосылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget