Тағы бір мектепте балалар қысылып қалған

Тағы бір мектепте балалар қысылып қалған
Фото: Видео кадры

Ақтау мектептерінің бірінде дүрбелең болды. Оқушылардың ата-аналары жергілікті билікке шағымданып, шара қолдануды сұрады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

№24 жалпы білім беретін орта мектептің кіреберісінде оқушылардың қысылып қалғаны видеоға түсіп қалды. Ата-аналардың айтуынша, балалар тек бір есіктің алдында жиналып қалады, ал қосымша есіктер пайдаланылмайды. Олар қаланың білім бөлімінен осы мәселені шешуді сұрады.

Ақтау білім бөлімі 12 қазан күні сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін мектепте жұмыс істейтін жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар ұйымдастырылғанын хабарлады. Семинар қосымша 25 минутқа созылғандықтан, 2 және 3-сыныптардың сынып жетекшілері өз оқушыларын уақытында қарсы ала алмаған.

Бұл уақытта сағат 13:50-ден 14:00-ге дейін дайындық сынып оқушылары шығып, 2 және 3-сынып оқушылары мектепке кірген. 

"Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушылары үшін екі кіреберіс есік ашық. Біреуі кіру үшін, екіншісі шығу үшін. Оқушылардың қауіпсіздігін кезекші және сынып жетекшілері бақылайды", – деді Білім бөлімінде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова