1 тамыздан бастап Астанада автобустағы жол ақысы қымбаттайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттайды. Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленді. Бұған дейін қаулы жобасы ашық НҚА порталында жария талқылауға шығарылған болатын.
Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурыз айынан бастап тегін. Міндетті шарт - мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста тексеру.
Сондай-ақ, келесі санаттарға жататын азаматтар осы жеңілдікті қолдана алады:
Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобустағы жол ақысы қымбаттайтыны белгілі болды.
Мәслихат Алматы автобустарында жол жүру құнын арттыруды мақұлдады. Тариф 20 теңгеге қымбаттайды (қазір 100, енді 120 теңге болады). Бұл тасымалдаушыларға бюджеттен субсидияларды қысқартуға көмектеседі. Сондай-ақ, шенеуніктер 800 жаңа автобус сатып алғанын хабарлады.
Енді бағаны көтеру туралы қаулыны әкімдік жариялауы тиіс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!