Тағы бір фобия: биіктен қорқатыныңызды қалай білуге болады?

Әлемде қорқыныш түрі көп. Соның бірі - биіктен қорқу. Оның белгілері қандай? Акрофобияны қалай жеңуге болады? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. 

Акрофобия - бұл биіктен қатты қорқу немесе биік жерде болғанда қатты мазасыздану сезімі. Бұл фобия адамдардың күнделікті өмірін қиындатып, биіктен аулақ болу үшін белгілі бір әрекеттерден бас тартуына әкелуі мүмкін.

Акрофобияның белгілері

Акрофобиясы бар адам биікке шыққанда мына белгілерді сезінуі мүмкін:

  • Қатты үрей немесе дүрбелеңге түсу.
  • Басы айналу, жүректің қатты соғуы.
  • Қол-аяқтың дірілдеуі немесе қатты терлеу.
  • Биікке қарамау немесе тезірек төменге түсуге ұмтылу.
  • Тыныс алудың қиындауы және кеудеде қысылуы.
  • Қозғала алмау немесе қауіпсіз жерге тығылуға тырысу.

Акрофобияның себептері қандай?

Бұл қорқыныштың пайда болуының түрлі себебі бар. Мәселен, бұған дейін бір жағымыз тәжірибеңіз немесе жақындарыңыздың биіктен құлағаны әсер етуі ғажап емес. 

  • Биіктен құлау немесе жарақат алу.
  • Отбасындағы басқа адамдарда ұқсас қорқыныш болуы мүмкін.
  • Биік жер қауіпті нәрсе ретінде қабылданады, сондықтан кей адамдарда бұл инстинктив реакция болуы мүмкін.

Акрофобияның ықпалы

Акрофобия адам өміріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бұл адамдар биік ғимараттардан, тауға шығудан немесе көпірден өтуден бас тартуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бұл күнделікті жұмыс немесе саяхат сияқты әрекеттерге кедергі келтіруі мүмкін.

Акрофобияны қалай жеңуге болады?

  • Психологиялық терапия: бұл әдіс қорқыныштың түп-тамырын түсінуге және оның әсерін азайтуға көмектеседі.
  • Десенсибилизация: біртіндеп биікке үйреніп, үрейді басқаруды үйрену.
  • Релаксация техникалары: терең тыныс алу және медитация.
  • Бұлшықетті босаңсыту жаттығулары.
  • Виртуал шынайылық терапиясы: биікке байланысты жағдайларды қауіпсіз ортада сезіну арқылы фобияны азайту.
  • Маманға жүгіну: психолог немесе психотерапевт акрофобияны жеңуге жеке жоспар құруға көмектеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!