Танымал жапон психологы ұсынған оптикалық иллюзия әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ал ғалымдардың айтуынша, мұндай тесттер миға пайдалы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Акиеси Китаока - Киотодағы Рицумейкан университетінің жапон әдеби колледжінің психология профессоры. Ол - визуалды қабылдау саласындағы маман және көптеген иллюзиялық суреттерді жасаушы.
Сіз де миыңызды жаттықтырыңыз. Біреулер суреттегі қыздардың бетінің түсі бірдей десе, басқалары әртүрлі екенін айтады. Сіз қалай көріп тұрсыз?
Бұл адамның көру аппараты жұмысының ерекшелігіне немесе біз қарайтын объектілердің ерекше сипаттамаларына байланысты әртүрлі болады.
Бұған дейін интернетте жолақтары бар көйлектердің суреті тараған болатын. Бірі көк-қара жолақтар көрсе, басқалары ақ-сары түсті жолақтар көрді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!