Тағы бір бағытта әйелдер вагоны іске қосылады

Нұрлы жол - Орал тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2 қыркүйектен бастап №81/82 Нұрлы жол - Орал бағытындағы тальго жолаушылар пойызына әйелдер вагонын қосады. Бұл шешім жолаушылар тарапынан сұраныс жоғары болуына байланысты қабылданған.

№81/82 Нұрлы жол - Орал пойызы елорда мен Батыс Қазақстан облысы арасында қатынайды. Қазір пойыздар күнара жүреді:

  • "Нұрлы жол" вокзалынан - жұп күндері сағат 23:55-те жөнелтіледі;
  • Орал станциясына - жұп күндері сағат 05:20-да келеді;
  • Орал станциясынан - жұп күндері сағат 09:55-те жөнелтіледі;
  • "Нұрлы жол" вокзалына - тақ күндері сағат 15:04-те келеді.

Бағыт бойында 9 аялдама қарастырылған. Жаңа вагон іске қосылса, әйелдер вагоны қолжетімді бағыттар саны 13-ке жетеді.

Айта кетейік, әйелдер вагонында ересектермен бірге жеті жасқа дейінгі (қоса алғанда) ер балалар жол жүруіне рұқсат етіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!