Нұрлы жол - Орал тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2 қыркүйектен бастап №81/82 Нұрлы жол - Орал бағытындағы тальго жолаушылар пойызына әйелдер вагонын қосады. Бұл шешім жолаушылар тарапынан сұраныс жоғары болуына байланысты қабылданған.
№81/82 Нұрлы жол - Орал пойызы елорда мен Батыс Қазақстан облысы арасында қатынайды. Қазір пойыздар күнара жүреді:
- "Нұрлы жол" вокзалынан - жұп күндері сағат 23:55-те жөнелтіледі;
- Орал станциясына - жұп күндері сағат 05:20-да келеді;
- Орал станциясынан - жұп күндері сағат 09:55-те жөнелтіледі;
- "Нұрлы жол" вокзалына - тақ күндері сағат 15:04-те келеді.
Бағыт бойында 9 аялдама қарастырылған. Жаңа вагон іске қосылса, әйелдер вагоны қолжетімді бағыттар саны 13-ке жетеді.
Айта кетейік, әйелдер вагонында ересектермен бірге жеті жасқа дейінгі (қоса алғанда) ер балалар жол жүруіне рұқсат етіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова