- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тағы бір әскери...
Тағы бір әскери қызметкер қаза тапты: мәйіт Петропавлда табылды
Петропавлда келісімшарт бойынша әскери қызметкердің дарға асылған денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметі 21 қыркүйекте Петропавл қаласы үйлерінің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері басқармасының келісімшарты бойынша әскери қызметкердің денесі табылғанын хабарлады.
Баспасөз қызметтің мәліметінше, қайғылы жағдай қызметтен тыс уақытта болған.
"Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнында суицид туралы жазба табылды. Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ІІМ Әскери-тергеу департаментінде ІІМ Орталық өңірлік ӘАОО Петропавл тобы ҚК-нің 105-бабы ("суицидке дейін жеткізу") бойынша соталды тергеуді бастағаны хабарланды.
"Суицид туралы жазба бар. Алдын ала себеп – отбасылық-тұрмыстық жанжал. Тергеу барысы бақылауға алынды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады ІІМ әскери-тергеу департаменті.
Бейресми ақпарат бойынша марқұм кіші сержант атағына ие болған.
Еске салайық, қыркүйекте әскери қызметкерлерге қатысты бірнеше қайғылы жағдай болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә