Танымал актриса Жәнел Мақажан күйеуімен бірге ата-анасына қажылыққа баруға жолдама сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Аллаһ Тағаламыздың қалауымен тағы бір арманымыз орындалды.
Әр перзенттің қалауы: ата-аналарын умраға жіберу. Бұл мүмкіндік бізге де бұйырса екен деп тілеген дұғамыз- қабыл болды. Сіздерге де жұғысты болсын деген ниетпен бөлісуді жөн көрдік.
Ата-аналарымыз аман болып, оларды қуантуға әрдайым тырысайық!
@qazaq_travel -ге алғысымыз шексіз!
Сіздер ата-аналарыңызды умра сапарына апарғыңыз келе ме?" - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін танымал актриса Жанель Мақажан отбасымен бірге Шымкент қаласына көшкені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әлемдегі ең қымбат картина қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!