Тағы бір алтын: Жоламан Биғабыл Азиада-2026-ның жеңімпазы атанды

Тағы бір алтын: Жоламан Биғабыл Азиада-2026-ның жеңімпазы атанды
Фото: ҰОК

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының өкілі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Ақтық белдесуде Жоламан Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмирза Халимовты жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы финалға дейін Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовтан басым түссе, жартылай финалда Индонезия спортшысы Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен жеңді.

Бұл - Жоламан Биғабылдың Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget