Тағы бір ақын өмірден өтті

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Әбілмәжін дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жеткізді.

Айта кетейік, Серікбай Әбілмәжін 1984 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетін тәмамдаған. 2015 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті филология факультетінің магистратурасын бітірген. Бурабай ауданының мектептерінде мұғалім, Бурабай аудандық орталық кітапханалар жүйесінің директоры, аудандық "Бурабай" газетінің редакторы болып қызмет атқарған.

Өлеңдері "Сарыарқа самалы" ұжымдық жыр жинағына, "Жыр маржаны" атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына енген. 2014 жылы "Үркертолғақ", 2021 жылы "Сарша тамыз" атты жыр жинағы жарық көрген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!