“Тағы бетпердедеміз“. Баян Мақсатқызы қызын қырқынан шығару рәсімін өткізді

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы жақында өмірге келген кенже қызын қырқынан шығарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Біз тағы да бетпердедеміз. Себебі Алмушаны қырқынан шығарып жатырмыз", – деп жазды ол.

Баян Алагөзова мен оның күйеуі Тұрсен Алагөзов Алма есімді кенже қызын қырқынан шығару рәсімін тойлады. Продюсер парақшасында жариялаған видеода келген қонақтар медициналық бетперде тағып отырғанын байқауға болады. Баян Мақсатқызы қонақтар неліктен бетперде тағып келгенін әзірге айтпады. 

Сонымен қатар Баян Мақсатқызы желіде видео жариялап, жазба қалдырды. Жазбада продюсер өзінің бақытты екенін жеткізді.

"Бақытты іздеудің қажеті жоқ. Бақыт біздің ішімізде, оны тек бөліскенде бақытты бола түсесің. Бүгін бақытты күн", – деп жазды Баян Алагөзова. 

 Еске салайық, Баян Алагөзованың қырқынан шығып жатқан қызы Алма Алиса есімді қызынан 15 күн кейін туған. 

"Сені 8 жыл және Алисадан кейін тағы 15 күн күттік. Алагөзова Алма Тұрсенғалиқызы дүниеге келді", – деп жазған еді ол қырық күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші сұрап. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!