Қазгидромет 7, 8, 9 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 тамыздан бастап Иран аймақтарынан Қазақстанның оңтүстігіне қайтадан жылы әрі құрғақ ауа массалары ығыса бастайды. Сондықтан ауа температурасы +35…+41°С-қа дейін көтеріледі.
"Ал солтүстік өңірлерде керісінше суық ауа массаларының ықпалы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова