- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тағы 5-6 жыл...
"Тағы 5-6 жыл күту керек болады". Алмас Кішкенбаев ұзақ уақыт көрінбей кетуінің себебін айтты
Фото:
әлеуметтік желіден
Әнші Алмас Кішкенбаев SALTANAT LIVE youtube-арнасына берген сұхбатында шығармашылық үзіліс алуының себебін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әнші шығармашылық үзіліс алғанымен сахнадан алыстамаған.
"Дәл қазір айтарлықтай жаңалық жоқ. Егер де оны күтіп жүре беретін болсақ, тағы 5-6 жыл күту керек болады. Сол себепті ешнәрсеге қарамай жұмысты бастай берейік деп шешім қабылдадық. Жұмыс өте көп. Шығармашылық үзіліс алғаныммен, сахнаға шығуды ешқашан доғарған емеспін. Тек қана сұхбат, түсірілімдерге баруға өзімді шектедім. Қазір барлығына барып жүрмін", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы