Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев премьер-министр Олжас Бектеновтен кешірім сұрауға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр қалдықтарды қайта өңдеу бойынша елімізде 45 жоба пысықталғанын атап өтті.
"Оның ішінде 37 жаңа зауыт салу және жұмыс істеп тұрған 8 зауыттың қуатын арттыру көзделіп отыр. Жобалардың жалпы қуаты жылына 1,2 миллион тоннадан асады, ал құны - 171,6 миллиард тенге, оның ішінде жеке инвестициялардың көлемі - 34,3 миллиард теңге", - деді Ерлан Нысанбаев.
Үкімет басшысы өзіне басқа ақпарат берілгенін жеткізді.
"Менде сұрақ бар. Маған алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, 35 жаңа зауыт салынады, ал сіз баяндамаңызда 37 жаңа зауыт салынады деп айттыңыз. Тағы 2 зауыт қайдан қосылды? 37 жоба іске қосылатын нақты жобалар ма?" - деді Олжас Бектенов.
Ерлан Нысанбаев жағдайды түсіндіріп, премьер-министрден кешірім сұрады.
"Тағы екі зауыт Астана қаласынан қосылып отыр (жалпы 37 зауыт). Кешірім сұраймын, кеше баяндамаға қосылды. Жобаларды іске асыру деңгейі жоғары", - деді министр.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!