Әнші Ақбота Нұр орындайтын әнді ой елегінен ғана емес, жүректен де өткізіп таңдайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әнді көбіне өзімнің тағдырыма, өміріме, сезімдеріме байланысты шығарамын. Ана ән ұнайды екен, мына әнді салайын, ана ақынның өлең шумақтары жақсы екен, шығара салайын деген жоқ. Ой санамнан өткізіп, саралап, жүректен өткізіп барып, әндерімді халыққа көрсетемін", - деді өнер иесі.
Желі қолданушылары әншіге жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
"Ақылды қыз, кіп-кішкентай болса да. Дәуренмен толыққанды отбасы болып кетулеріне тілектеспін", "Сұлу, ақылды да салмақты ару. Әндері де жүрекке жағымды", - деді олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз