- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тағамдық "есірткілер": қандай...
Тағамдық "есірткілер": қандай азық-түлік тәуелділік тудырады?
Егер көкөністер, жемістер және басқа да пайдалы тағамдар тәуелділік тудырса, барлық адам қуанар еді. Бірақ тағамдық "есірткілер" біз қалағандай пайдалы емес. Кейде жақсы көретін өніміңіздің бір бөлігін жеймін деп ойлап, қалай барлығын тауысып қойғаныңызды байқамай қалған кездер болды ма? Мұндай тәуелділік тудыратын өнімдерге қандай азық-түлік жатады?
Қант
Қанттың өзі ғана емес, құрамында қанты көп өнімдер де тәуелділік тудырады. Мысалы: кәмпит, тәтті сусындар, ақ нан, пісірмелер. Әдетте, зиянды тағамдарға тәуелділіктің туындауына адамдардың өздері кінәлі: қатаң диета кезінде ағзаға глюкозаның қажетті мөлшері жетіспегендіктен, энергияңыз болмайды, себепсіз шаршайсыз және ашуланшақ болып кетесіз. Бұл жағдайды жөнге келтіру үшін аздап шоколад немесе кәмпит жейсіз. Ал шоколадтың бір бөлігінің өзі ағзадағы қант деңгейін бірден көтеріп жібереді. Бірақ бір жарым сағаттан соң ол бастапқы болған деңгейден де төмен түсіп кетеді. Ол аштық сезімін оятады және қатты тәтті жегіңіз келеді.
Шоколад
Шоколад нашар көңіл күймен керемет күреседі. Бірақ оның бір бөлігін жесеңіз, өзіңізді тоқтата алмайсыз. Шоколадты жеңіл антидепрессантқа жатқызуға болады. Оның таблеткалардан айырмашылығы – ол психикаңызға емес, дене сыматтылығыңызға жағымсыз әсер етеді.
Ірімшік
Ірімшік те тәуелділік тудырады. Ірімшікте казеин бар. Ол асқорыту кезінде ыдырап, казоморфиндер түзеді. Ірімшікте сүт, балмұздақ, май және басқа да сүтті өнімдерге қарағанда казеин көп. Бірақ ол ағзаға айтарлықтай зиян келтірмейді. Оған қоса, көпшілік ірімшік жемей, ұзаққа дейін жүре алады. Бастысы, ірімшік сатып аларда оның сапалы түрін таңдаңыз.
Балмұздақ
Балмұздақтың құрамында қаныққан майлар мен қант көп. Ол тәуелділік тудырады және дене сымбаттылығына жағымсыз әсер етеді. Бұл да шоколад секілді уақытша көңіл күйді көтереді, бірақ оны жегеннен кейін біраз уақыттан соң көбірек тәтті жегіңіз келеді.
Чипсы
Бұл өнімді аз ғана жеу мүмкін емес, оны бір бастасаңыз, тауыспай қоймайсыз. Оған қоса, оны тауысып алсаңыз да, қарныңыз ашып тұрады. Яғни, сіз қарныңызды тойдыру үшін емес ләззат алу үшін тауысасыз. Кей дәрігерлердің айтуынша, чипсыға тұз бен дәмдеуіштерден басқа мидағы ләззат орталығын ынталандыратын заттар қосады.
Кепкен шұжық
Мұндай тәуелділік жануар майын көп тұтынғаннан пайда болуы мүмкін. Алайда кепкен шұжықты көп жеу денсаулыққа зиян. Себебі оның құрамында крахмал пайызы өте көп.
Бүгінде кең тараған 7 тәуелділік
А. Жапатова