Желіде тойда спорт қимылын көрсетіп, ағаш тақтайды сындырған жұптың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видео үйлену тойынан түсірілген. Кадрлардан күйеу жігіт те, қалыңдық та арнайы ағаш тақтайды ұрып, сындырып жатқаны көрінеді.
Пікір білдірушілердің басым бөлігі қазақ тойынан сән де, мән де кеткенін жарыса жазған.
"Берекесі қашып бара жатыр тойдың", "Енді екеуін күрестіріңдер тойдың ортасында", "Не мынау??? Осы нәрсені тойда көрсетудің не қажеті бар?", "Тойдың той болғаны дұрыс қой. Келін деген түсіп тұрған жеріне биязылығын, сызылған әдемі ибасын көрсетпейтін бе еді, күші мен жуан жұдырығын емес", "Ұят болыпты", - деп жазған Желідегілер.
Ал осы тойға қатысқан тағы бір Желі қолданушысының сөзінше, бәрі жарасымды болған.
"Ай, халқым-ай, неге жақсы жағынан көрмейміз? Мен осы тойда болдым, таэквондошы балалар керемет өнер көрсетті, жарасымды болды, бір жарты сағат уақыт алды, бірақ күшті өнер көрсетті, жастар бақытты болсын", - деп жазған ол.
Еске салайық, бұған дейін Желіде тойда жұлқынып билеген жігіттің видеосы тарап жатқаны хабарланған болатын.