• 489.59
  • 490.7
  • 5.67

Таеквондодан Мұстафа Өзтүрік атындағы марапат тағайындалды

Таеквондодан Мұстафа Өзтүрік атындағы марапат тағайындалды

1 ақпанда Астанада Қазақстан таеквондо федерациясының ұйымдастыруымен "Мұстафа Өзтүрік жүлдесі" марапатын табыстау салтанаты өтеді, - деп хабарлайды massaget.kz.

Іс-шара барысында өткен жылды қорытындылап, 2024 жылы жоғары жетістіктерге жеткен және бұл спорт түрінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан спортшылар, бапкерлер мен төрешілер марапатталады.

"Мұстафа Өзтүрік жүлдесі" жыл сайын берілетін марапатқа айналады. Ол тек қазақстандық таеквондоның үздік өкілдерінің жетістіктерін атап қана қоймай, елімізде бұл спорттың дамуына үлкен үлес қосқан ұлы шебердің есімін мәңгі есте сақтауға мүмкіндік береді.

Мұстафа Өзтүрік - ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, таеквондодан қара белбеу 6-дан иегері. Атамекеніне оралған арда азамат 1995 жылы Алматыда белгісіз жағдайда көз жұмды. Ыстамбұлға алып барып жерленді.

О. Сансызбай