Табысы төмен отбасыларға, белгілі бір сырқаты барларға 432 500 теңге берілетіні рас па?

Табысы төмен отбасыларға, белгілі бір сырқаты барларға 432 500 теңге берілетіні рас па?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ, белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмаған.

"Мұндай хабарламаларды көбіне алаяқтар жеке дерекке қол жеткізу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәлімет тек 1414 нөмірінен SMS хабарламалар арқылы жіберіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында жарияланады. Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады", - деді министрлік өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget