Маңғыстау облысында құмар ойындары бизнесі бойынша екі көлік тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жай
ҚМА Маңғыстау облысының департаменті 2022-2023 жылдары компьютер залы деген атты жамылып заңсыз құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатқан.
Қатысушылардан ақша банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан.
"Қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі көлік (Toyota Land Cruiser және Mersedes-Benz 320) сатып алғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімі
Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық жолмен алынған көліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова