- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Табысы 200 миллион...
Табысы 200 миллион теңгеден асқан: Павлодар аумағында заңсыз күзет қызметі анықталды
Павлодар аумағында полиция қызметкерлері заңсыз күзет қызметін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаланың ойын-сауық мекемелерінде рұқсат құжаттарынсыз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фейс-бақылау бойынша заңсыз күзет қызметін жүзеге асырған Павлодар қаласының тұрғындары анықталды.
"Тергеу барысында қатысушылардың қаланың 12 ойын-сауық орындарында заңсыз күзет қызметін ұйымдастырғаны анықталды. Онда олар маргиналдық жастар қатарынан, спорттық дайындықтан өткен, біліктілік талаптары жоқ, күзет ретінде жұмысты жүзеге асыру үшін жігіттерді жинаған, еңбек шарттары жасалмаған. Заңсыз күзет қызметі дерегі бойынша соталды тергеу басталды", - деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Өңірде ең көп баратын 12 ойын-сауық мекемесіне тексеру жүргізу барысында күзет қызметін жүзеге асыратын 30-ға жуық адам, оның ішінде заңсыз күзет агенттігінің ұйымдастырушылары полицияға жеткізілді. Полицияның пайымдауынша, заңсыз күзет қызметінен түскен табыс ұйымдастырушыларға 200 миллион теңгеден аса табыс әкелді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова