- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Табиғи кондиционер: үйді...
Табиғи кондиционер: үйді салқындататын 7 өсімдік
Бөлме өсімдіктерінің көп пайдасы бар. Олар ауаны тазартады, оны оттегімен қанықтырады, интерьерді безендіреді. Кейбіреуіне күтім жасау да қиын емес, уақытында суару және тиісті жарық деңгейін қамтамасыз ету жеткілікті. Өсімдіктердің көбі біле бермейтін тағы бір пайдасы - олар ауаны салқындата алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter.ru мәліметіне сілтеме жасап.
Бағбан Крейг Морлидің айтуынша, мұның бәрі өсімдіктің суды буландыруына байланысты. Бұл - ылғалдың жапырақтар, сабақтар мен өркендер арқылы булану процессі. Ол өсімдіктерді салқын күйде ұстап тұрады. Су қоршаған ортаға буланып шығуына байланысты, бұл ауа температурасына да әсер етеді.
"Бөлме өсімдіктері неғұрлым көп болса, ауа температурасы тіпті ыстық күнде де жайлы болу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Бұл бөлмені салқындатудың қарапайым, бірақ экологиялық таза тәсілі", - дейді бағбан.
Кейбір өсімдіктерде транспирация (булану) процесі бірнеше есе белсендірек жүреді. Жазда үйіңізді әлдеқайда жайлы ету үшін мына гүлдерді алу керек:
- үш жолақты драцена;
- спатифиллум,
- алоэ вера,
- хамедорея немесе бамбук пальмасы,
- папоротник, нефролепис бостон,
- эпипремнум голден потос,
- хлорофитум.
Жазда өсімдіктер жапырағын мүмкіндігінше аз кесіңіз. Бұл транспирацияны азайтуы мүмкін, өйткені ылғал әлдеқайда аз бөлінеді.
"Есіңізде болсын, транспирация процесі жасына қарай белсенді бола түседі. Яғни, өсімдік неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ол ауаны салқындатады", - деп қорытындылады сарапшы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан