Табиғи байлықты миллиардтаған теңгеге шетелге сатқан: Қарағанды облысында үш адам ұсталды

Қарағанды облысында табиғи байлықты миллиардтаған теңгеге шетелге сатқандар әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру дерегін анықтады.

Қарағанды облысының арнайы прокурорлары бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізді.

"Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды. Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден аса шығын келген", - деп жазылған хабарламада.

Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден аса мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз