Қарағанды облысында табиғи байлықты миллиардтаған теңгеге шетелге сатқандар әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру дерегін анықтады.
Қарағанды облысының арнайы прокурорлары бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізді.
"Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды. Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден аса шығын келген", - деп жазылған хабарламада.
Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден аса мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова