Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті мәліметінше, итбалық өлекселері 17 сәуірде Түпқараған ауданында табылған. Олар жағаға батыстан соққан қатты жел салдарынан шығып қалған.
Итбалықтардың қырылу себептерін анықтау және салдарын жою мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Оқиға орнына мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың өкілдері, экологтар, ветеринария қызметтері, полиция барған.
Мамандар сынама алу, зерттеу жүргізу және қолданыстағы ережелерге сәйкес өлекселерді жою жұмыстарымен айналысады.
Гидробиология және экология институтының ақпараты бойынша итбалықтар осыдан бір айдан аса уақыт бұрын қырылған. Алайда жануарлардың өлексесі жағаға енді шығып қалған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!