Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті мәліметінше, итбалық өлекселері 17 сәуірде Түпқараған ауданында табылған. Олар жағаға батыстан соққан қатты жел салдарынан шығып қалған.
Итбалықтардың қырылу себептерін анықтау және салдарын жою мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Оқиға орнына табиғат қорғау және мемлекеттік органдардың, соның ішінде экологтар, ветеринария қызметтері, полиция, сондай-ақ, ғылыми ұйымдардың өкілдері барған.
Мамандар сынама алу, зерттеу жүргізу және қолданыстағы ережелерге сәйкес өлекселерді жою жұмыстарымен айналысады.
Гидробиология және экология институтының ақпараты бойынша итбалықтар осыдан бір айдан аса уақыт бұрын қырылған. Алайда жануарлардың өлексесі жағаға енді шығып қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова