Онколог, ESMO еуропалық клиникалық онкологтар қоғамының мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Пылев асқазан қатерлі ісігі сияқты өлімге әкеп соғатын аурулардың жасырын белгілерін атады. Оның айтуынша, әлсіздік, салмақ тастау, тәбет тартпау, сондай-ақ, еттен жүрегі айну аурудың белгілері болуы мүмкін, - деп хабарлайды Lenta.ru.
"Біріншіден, бұлар - кішігірім белгілер. Оны тек асқазан қатерлі ісігіне тән деуге болмайды. Өйткені ол іш қуысында орналасқан көптеген ісікке тән. Белгілерге әлсіздік, салмақ тастау, ауырсыну жатады. Асқазан қатерлі ісігі туралы айтсақ, ол тәбеті болмаудан бөлек, етке жиіркеніштен басталады", - деді маман.
Дәрігер жүрек айнуы мен құсуға назар аударуға кеңес берді. Олар ісік өңеш асқазанға жалғасатын жерде тұрса, пайда болуы мүмкін. Маман симптом тамақтанғаннан кейін немесе бірнеше сағаттан кейін пайда болуы мүмкін екенін түсіндірді. Сонымен қатар, мұндай жағдайларда құсықтың түсіне назар аударған жөн екен. Қара болса, асқазанда қан кететінін білдіруі мүмкін. Пылев осы белгілердің кез келгені пайда болған жағдайда шұғыл түрде дәрігермен кеңесу керегін айтты.