- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Сізге гүл жіберді“....
“Сізге гүл жіберді“. Алаяқтар WhatsApp аккаунтын бұзудың жаңа тәсілін ойлап тапты
Тәртіп сақшылары алаяқтар жалған хабарлама жіберіп, код сұрау арқылы WhatsApp аккаунт бұзудың жаңа тәсілін ойлап тапқанын ескертеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы тәртіп сақшысы alau.kz сайтына айтып берген.
"Сізге біреу гүл жіберді, растау үшін кодты айтыңыз" деп хабарласатын немесе хабарлама жазатын алаяқтар осылайша әлеуметтік желідегі аккаунтыңызды бұзып, таныстарыңыздан қарызға ақша сұрайтын болған.
"Телефоныңызға "тапсырысты жеткізу" деген хабарлама келуі мүмкін немесе бейтаныс нөмірден қоңырау шалуы мүмкін. "Сізге біреу гүл жіберді, қабылдау үшін растаңыз, сілтеме арқылы өтіңіз, келісім беріңіз" деген түрлі мазмұнда хат жазуы мүмкін. Осылайша, гүлді алу үшін сілтеме арқылы өтуге немесе смс-код айтуға өтініш жасайды. Егер осындай оқиғаға тап болсаңыз, алаяқтың арбауына түсіп, айтқанын істемеңіз. Осылай алаяқтар сілтемелер арқылы жеке деректерге қол жеткізеді", – деп мәлімдеді Қостанай облысы Полиция департаментінің Оңтүстік бөлімі басшысының орынбасары Дамир Раисов.
Еске салайық, жақында танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова да алаяқтардың арбауына түсіп қала жаздағаны туралы айтып, дабыл қаққан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева