- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сізге айтып тұрмын"....
"Сізге айтып тұрмын". Мәжілісте БАҚ өкілі депутаттан сөз естіді
Мәжілісте депутат Ерлан Саировқа жұмыс істеп жүрген БАҚ өкілінің әрекеті ұнамай қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Масс-медиа туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.
Жиында Ерлан Саиров мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сұрақ қойды. Алайда БАҚ өкілі оған кедергі жасаған. Депутат оған ескерту жасады.
"Заңның новелласы түсінікті. Ол - журналистердің статусын арттырып, БАҚ-ты қаржыландыруға реформа жасау. Мұндай реформа не үшін керек? Қазіргі таңда ең негізгі мәселе қоғамның саяси санасы өзгеріп жатыр. Бүгін қоғамның квалификациясы өсуде. Сондықтан базисті квалификацияға сәйкес келтіру керек. Сонымен қатар, сыртқы әртүрлі қатер бар: экстремизм, сепартизм. Міне, осыған заңда нақты жауап болуға тиіс. Сондай-ақ, қағидарттарға да өте мұқият қарауымыз керек. Заңға "Масс медиа" деген ұғым енгізіліп жатыр. Оған бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресустары да енеді. Бізде "Онлайн платформа" туралы заң бар. Осы құжатта интернет ресустар да бар. Сіз былай тұрыңызшы! Мен министрді көрмей отырмын. Мен сізге айтамын!" - деді ол фотографқа.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та журналистерге "ескерту" жасады.
"Құрметті осы залда жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, депутаттың министрді көруіне кедергі жасамаңыздар" - деді спикер күліп.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz