Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов әрбір қазақстандық жалпыға бірдей декларацияны өзі толтыру керегін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жалпы бірдей декларацияны әрбір адам жеке тапсырады. Өйткені оны тапсырғаннан кейін қандай да бір жауапкершілік туындауы мүмкін. Сондықтан адам оны өзі толтырып, тапсыруы керек. Бұл активтер туралы декларация. Оны әр жыл сайын өзі тапсыруы керек. Бірақ салық заңнамасында салық төлеушінің мүддесін қорғайтын норма бар", - деді Қайрат Миятов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қарапайым тұрғындар мамандардың көмегіне жүгіне алады.
"Егер тиісті келісімшарт жасалса, елімізде салық кеңесшілері жұмыс істейді. Бүгінде олар заңды тұлғаларға көмек көрсетеді. Менің ойымша, уақыт өте бұл мамандар жеке тұлғаларға да көмек көрсете алады. Демек келісімшарт негізінде міндет болғанда (адамдар) сол жерге жүгіне алады. Олар жеке тұлғаның мүддесін қорғайды", - деді комитет төрағасының орынбасары.
Еске салайық, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қарапайым қазақстандықтар (жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар, студенттер және тағы басқа) жалпыға бірдей декларацияны тапсыруға міндетті болады.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз