Премьер-министр Әлихан Смайылов "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Хасан Дәулетжановтың есебін сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет отырысында Хасан Дәулетжанов Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апаттардан кейінгі жағдай туралы баяндаманы оқып отырып, мұнай өңдеу зауыттарында жұмыс тоқтатылғанын айтты.
"Сіз өз баяндамаңызда бірқатар мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылғанын, олардың кейбіреулері жұмысын қалпына келтіріп қойғанын айттыңыз. Сіздің ақпаратыңыз ескірген", - деді Смайылов.
Сонымен қатар, премьер-министр жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын айтты.
"Ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауытын тоқтату туралы алып-қашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай басты назарда", - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар, премьер-министр тиісті министрліктерге тапсырма берді:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!