“Сіздерге де жұғысты болсын“. Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы қуанышты жаңалығын бөлісті

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы Дина Төреәлі екінші рет ана атанбақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Ерманби 1 жас. Алланың бергеніне, осы күнге жеткізіп, көруді нәсіп еткеніне сансыз шүкірлер мен мадақтар! Бүгін Ерманби баламыз 1 жасқа толып жатыр. Саған деген махаббатым, барлық тілегім менің аналық жүрегімде, менің дұғаларымда құлыным. "Қуанышпен бөліссе көбейеді" демекші, бізге шын тілектес, ниеттес жандар сіздерге де жұғысты болсын! Суретті соңына дейін көріп шыққан болсаңыз, жай ғана МашаАлла деп кетіңіз", - деп жазды ол.

Суреттерден әншінің қарындасының жүкті екені көрінеді. Мұны байқаған желі қолданушылары Дина Төреәліге жылы лебізін білдіріп, құттықтап жатыр. 

"Сұлусыз, екіншісін күтіп жүрсіздер ме, жарайсыздар", "Екінші рет ата-ана атанайын деп жатырсыздар ма?", "Ерманби бір құлыншаққа аға болғалы жүр екен, аман-есен бауырыңа ал", "Мәссаған, құттықтаймын, екінші балапан аман-есен өсе берсін", "Күшті жаңалық", - деп жазған олар.

Еске салайық, бұған дейін әнші Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы ана атанғаны хабарланған болатын.

Кейінірек Дина Төреәлі ұлына ерекше есім қойғаны белгілі болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз