- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сізді зорласа тынышталып,...
"Сізді зорласа тынышталып, ләззат алуға тырысыңыз". Депутаттың сәтсіз теңеуі қызу талқыға түсті
Қырғызстанның Жогорку Кенешінің депутаты Исхак Масалиевтың айтқан сөзі желіде қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Kaktus.media сайтының мәліметінше, 29 маусымда Жогорку Кенеште заң жобасы талқыланған. Оған сәйкес прокуратураның тергеу функциялары МҰҚК-не беріледі.
"Заң жобасы "шикі" екені байқалып тұр, бірақ өкінішке қарай, біз тек орфографиялық қатені түзей аламыз. Сіздердің бас прокурорларыңыздың тек бір ерлігін айтайын. Ол сотта екі жігітті ақтап, артынша "жолы ашылды". Ол депутат болып, артынша бас прокурор болды. Осындай ерліктер жетпейді. АҚШ-та қызық әзіл бар: "Егер сізді зорласа тынышталып, ләззат алуға тырысыңыз" дейді. Мен сіздерге соны тілеймін. Егер күш жетпесе, шыдаңыздар", - дейді депутат.
Желі қолданушылары депутат теңеуді орынсыз қолданғанын айтып жатыр. Алайда кейбір басылымдар тақырыпты дұрыс қоймағанын байқағандары да бар.
"Егер сені өлтіріп жатса уайымдама, қуан. Позитив күйде бол. Одан ләззат ал, мазохист бол"
"Зорлық туралы бұлай қалай әзілдеуге болады?"
"Жаңалықты 1000 адамның тек біреуі толық оқыған секілді"
"Мұндай "айғайлайтын" тақырып қоюдың не қажеті бар? Адамдарды адастырып", - дейді Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина