- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сізді мазалап жүруі...
Сізді мазалап жүруі мүмкін: жаман ойдан қалай арылуға болады?
Фото:
freepik
Жағымсыз жайт кез келген жерде болуы мүмкін. Мәселен, жұмыстағы келеңсіз оқиға немесе автобустағы дөрекі жүргізуші сіздің күніңізге әсер етуі мүмкін. Massaget.kz тілшісі nontoxicperson Telegram-арнасына сілтеме жасап, жаман ойдан арылуға көмектесетін кеңестерді ұсынады.
- Ең жақсы нұсқалардың бірі - хобби табу. Әдетте адам айналысатын ешнәрсе таппаған кезде жаман ой ойлайды. Сондай-ақ, бұл құбылыс адам жалғыз қалған кезде де болады.
- Достармен серуен немесе спортзалға бару, бимен айналысу, түрлі рецептерді үйрену де көмек болуы мүмкін.
- Шығармашылықпен айналысу да ұтымды тәсілдердің бірі саналады. Дәрігерлер де негативтен арылудың таптырмас тәсілі шығармашылықпен айналысу екенін айтады. Бұл жақын адамыңызбен сырласқандай әсер сыйлауы мүмкін.
-
Жаман ойларды қағаз бетіне түсіру. Сол сәтте не сезінгеніңізді, көңіл күйіңіз қандай болғанын жазыңыз. Кейін бұл ішкі күйіңізді талдауға, мәселе қайдан шыққанын анықтауға септігін тигізеді.
-
Шағымдана бермеу. Адам шағымға энергиясының көп бөлігін ысырап етеді. Шағымданбас бұрын, мәселені шешу үшін не істей алатыныңызды өзіңізден сұрап көріңіз.
- Позитивті адамдардың ортасында жүру. Тек негатив көретін адамдардан аулақ болыңыз. Керісінше, әлемге оң көзқараспен қарайтындармен көбірек уақыт өткізіңіз. Олардан үйреніңіз, кеңес сұраңыз және олардың мінез-құлқына еліктеңіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова