Кез келген азамат тергеу органдарына күдікті, айыпталушы, куәгер немесе жәбірленуші ретінде шақырылуы мүмкін. Адамдар уәкілетті адамдардың, тергеу органдарының жауап алуға шақыруын көргенде ыңғайсыздық және қорқынышты сезеді. Massaget.kz тілшісі мұндай қиын жағдайда өзін қалай ұстау керегін анықтап көрді.
Егер сіз осындай жағдайға бірінші рет тап болсаңыз, кеңес немесе жауап алу кезінде сүйемелдеу бойынша көмек алу үшін адвокат көмегіне жүгінгеніңіз абзал.
ҚР Қылмыстық кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соталды тергеуді жүзеге асыратын адам куәгер, жәбірленуші, күдіктіні жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақыруы керек. Шақыру қағазында:
Шақыру қағазы жауап алуға шақырылған адамға қолхат не байланыс құралдарының көмегімен беріледі. Егер шақыру қағазын курьер, басқа жауапты тұлға немесе полиция қызметкері қол қойғызып, сондай-ақ жауап алуға шақыратын уәкілетті тұлғаға тиесілі байланыс көзімен ресми түрде белгілі байланыс құралы арқылы жеке табыстаса, онда сіз уәкілетті органға келуге міндеттісіз.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 78-бабы 3 және 6-бөліктеріне сәйкес, куәгердің:
Сонымен қатар, адвокат Асел Бикенова жауап алуға шақырылған адамдарға кеңес берді.
ешқашан тегін адвокатқа келіспеңіз;
барлық ескертуі хаттамаға жазып отырыңыз;
"мен білмеймін" емес, "есімде жоқ", деп айтыңыз;
"Себебі, егер "есімде жоқ" деп айтсаңыз, ол есіңізге түсуі мүмкін екенін білдіреді. Ал "білмеймін" деп айтсаңыз, бұл жалған көрсеткіш болып саналады", - дейді адвокат.
Асель Бикенова соңғы кезде мемлекет тағайындаған тегін адвокат қылмыстық процестің үлкен мәселесі екенін айтты.
"Мемлекет тағайындаған көптеген адвокат іс бойынша сапалы жұмыс істеуге ынталы емес. Себебі олардың жалақысы өздерінің жеке қорғалушы төлейтін сомадан бірнеше есе төмен. Сондықтан олар көбірек өтініш қабылдау үшін, жұмыс сапасына емес санына қарауға мәжбүр.
Қалай ойлайсыз, егер адвокат бір күнде 10 томнан тұратын қылмыстық істі қарағаны туралы құжатқа қол қойса, бұл оның іспен шын мәнінде танысқанын білдіреді ме?
Құжат бойынша - иә, танысты. Ал шын мәнінде? Әрине, жоқ. Өйткені мұндай материалмен толық әрі мұқият танысу үшін кем дегенде 3-4 күн қажет.
Салдарынан, мемлекет тағайындаған тегін адвокаттар көбінесе істің мәнін зерттемейді, бұл көбінесе қорғаушының жасаған не жасамаған ісін өз жауапкершілігіне алып, кінәні мойындауына бағытталған құқықтық позицияны таңдауға әкеледі", - дейді Асел Бикенова.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күн көкжиекте батқанда неге бірден қараңғы түспейді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!