Гастроэнтеролог Валерия Ломова бауыр жасушыларына зиян тағам түрлерін атап берді. Бұл туралы ол "Известия" газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Алкоголь бауырға ең үлкен зиян келтіретін зат деді Ломова. Дәрігер жануар майына бай тағамдардың бұл мүшеге зиянды екенін айтты: сары май, шошқа майы, маргарин, шұжық, майлы ет, кондитерлік өнімдер, торттар, ұн өнімдері және фастфуд.
Гастроэнтеролог бауырдың зақымдалуына жемістердегі фруктозаның немесе тәттілердегі глюкозаның артық болуы да себеп болуы мүмкін екенін айтты. Консервілер мен жартылай фабрикаттар да бауырға зиян. Өйткені олардың құрамында тұз, консерванттар мен тұрақтандырғыштар көп деді ол.
Ломова диетаның теңдестірілген және негізінен пайдалы тағамдардан тұратынына көз жеткізуді, сондай-ақ профилактикалық тексерулерді ұмытпауды ұсынды. Өйткені бауыр аурулары көп жағдайда симптомсыз өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!