"Сіз неге олай айтасыз?" Министрге журналистің сұрағы ұнамай қалды

"Сіз неге олай айтасыз?" Министрге журналистің сұрағы ұнамай қалды
Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа "теңге неге құнсыз?" деген сұрақ ұнамай қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан соң министрге "ТМД мемлекеттері ішінде Өзбекстанның сумынан кейін Қазақстанның теңгесі құнсыз валюталардың бірі екен. Мысалы, Әзербайжанның ұлттық валютасы манат, Қырғыстанның сомы құнды, ал теңге неге құнсыз?" деген сұрақ қойылды.

Ведомство басшысына сұрақ ұнамай қалды.

"Сіз неге олай айтасыз? Қазір 1 доллар - 450 теңге. Біздің валютамыз әртүрлі. Оларды сіз қалай байланыстырасыз? Теңге құнсыз емес. 2 жыл бойы ұлттық валютамсыз тұрақты. Бюджетте доллардың бағамы ресми түрде 460 теңге деп бекіді. Бүгінде көрсеткіш 450 теңгеге жуық, одан да төмен. Былтыр бюджетте доллардың бағамы ресми түрде 470 теңге болды... Әрине, ұлттық валютамыз тұрақты", - деді министр.

БАҚ өкілі "Теңгенің тұрақты екені белгілі. Алайда ол құнды валюта емес?" деп сұрағын нақтыламақ болғанымен одан нәтиже шықпады.

"Сіздің сұрағыңызға жауап бердім", - деді Қуантыров.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz