- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлікті дұрыс қыздыру
Сіз көлікті дұрыс қыздырып жүрсіз бе? Автосарапшы жауап берді
Суық маусымның басталуымен жүргізушілер қозғалыс алдында қозғалтқышты дұрыс жылыту мәселесіне тап болады. Қыста көлікті жылытудың дұрыс алгоритмін автосарапшы атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.
Қазіргі заманғы автомобильдер бұрынғыдай ұзақ қыздыруды қажет етпейтінін бәрі біледі. Өйткені жаңа заманғы көліктер оларды тез жұмыс жағдайына келтіретін электронды жүйелермен жабдықталған.
"Орнында тұрған көлікті ұзақ қыздыру отын шығынын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жанармайдың толық жанбауына байланысты күйенің пайда болуына әкелуі мүмкін", - дейді автосарапшы Юрий Резнев.
Сарапшы көлікті бір-екі минутқа ғана қыздырып, біркелкі қозғалыстан бастауды ұсынады және қозғалтқышқа күш түсіруден аулақ болуға шақырады. Бұл қозғалтқыштың жұмыс температурасына баппен жетуіне және бөлшектерге түсетін күшті азайтуға мүмкіндік береді.
Дұрыс алгоритмнен басқа, жоғары сапалы майды пайдалану маңызды.
"Қазіргі заманғы мотор майлары қатты аязда да қозғалтқыш бөлшектерін жеткілікті деңгейде майлауды қамтамасыз етеді, бұл автомобильді ұзақ қыздырмай-ақ іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл майлар аязға төзімді ғана емес, сонымен қатар жоғарғы температураға да төзімді", - деп қорытындылады сарапшы.
Кейде көлікке бензиннен бөлек, майға шығындалып жатамыз. Осы мотор неге май жейді? Көлік жүргізушілері жиі кездесетін мәселенің себебі мен салдарын жоғарыдағы сілтемеден оқи аласыз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Н. Ынтымақұлы