- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сіз келіндерге үлгі...
"Сіз келіндерге үлгі боламын деп ойлайсыз ба?" Келіндерге ақыл айтқан Айнұр Тұрсынбаева сынға қалды
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева енесімен бірге тұрғысы келмейтін келіндерге ақыл айтып, желі қолданушыларының сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жеке парақшасында тікелей эфирде оқырмандарымен ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы әңгіме өрбіткен ол қыз-келіншектердің басым көпшілігі енелерін жамандап кеткеніне шағым айтып, терме орындап берді.
"Қарамай кетсең анаға,
Қаларсың босқа табаға.
Әкенің көңілін қалдырған,
Баланың жолы бола ма?!
Ененің сағын сындырған,
Келіннің бағы жана ма?!
Келінді кейін сорлатар
Ішінен шыққан бала да", – термеден үзінді орындады.
"Бұл терме де инсайтқа толып тұр. Ене де – ана. Біз бүгінгі өмірді ғана айтамыз. Болашағымыз қандай тосынсый дайындап тұрғанын білмейміз. Дәл қазір көп келіншек енелерін жамандап отыр. Ертең өздері қандай ене болады, қандай келін алады, сол туралы ойламайды. Жастық шағың көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Келін немереңнің тырнағына да зар қылып қоймауына кім кепіл?!. Сол кезде тырнақ тістеп, опық жеп қалмаңдар! Ол уақытта ештеңені өзгерте алмайсың. Сыйлайын десең ене өліп қалған, бала қатынымен кетіп қалған, екі ортада тентіреп өзің қаласың. Сондықтан, үлкенді сыйлау – психологияның атасы", – деді Айнұр Тқрсынбаева.
Желі қолданушылары ақынды сынның астына алып, түрлі пікір қалдырды.
"Акыл айту оңайдың оңайы", "Дұрыс айтылған. Бірақ келіннің көңілін қалдыратын ене ше?", "Ененің көңілін қалау деген шариғатта жоқ. Енелердің ешқашан көңілі толмайды. Психология жолда қалады", "Сіз келіндерге үлгі боламын деп ойлайсыз ба?", "Ауыз бен орақ орғанның белі ауырмайды деген рас қой ақыл айтқан бәрінен жеңіл, - деп жазды олар.
@ainash_ertai Сыйла #айнұртұрсынбаева #психологиядляженщин #қазақпсихолог ♬ оригинальный звук - Доника
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы