Эндокринолог Мария Калошина таңғы ас ішпеудің қаупін атап берді. Ол салмақ азайтып жүргендер үшін де таңғы астың маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
"Таңғы астың калория мөлшері жалпы диетаның шамамен 35 пайызын құрауы керек", - деп еске салды сарапшы.
Ми қызметі төмендейді (зейін мен есте сақтау қабілеті нашарлайды)
Таңертеңгі ас миға глюкоза мен қажетті қоректік заттарды береді. Егер таңғы асты ішпесеңіз, миға қажетті энергия жетіспейді, бұл келесі әсерлерге әкеледі:
Зат алмасу процесі баяулайды
Таңғы ас ішпеу метаболизмнің баяулауына алып келеді. Бұл организмге былайша әсер етеді:
Аштық сезімін арттырады (артық тамақ жеуге әкеледі)
Таңғы асты ішпеген адамдар түскі асқа дейін күшті аштық сезінеді. Бұл олардың артық тамақтануына, әсіресе құрамында қант пен май көп тағамдарды жеуіне әкеледі.
Нәтижесінде:
Жүрек ауруларының қаупін арттырады
Зерттеулер таңғы асты үнемі ішпейтін адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі жоғары екенін көрсетті.
Себептері:
Иммунитет әлсірейді
Таңертеңгі ас иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Таңғы асты жіберіп алу ағзаның вирустар мен бактерияларға қарсы күресу қабілетін төмендетеді.
Сонымен қатар Калошина салмақ жоғалтқан кезде аштық пен шөлдеу арасындағы айырмашылықты сезінуді үйрену маңызды екенін атап өтті. Статистикаға сүйенсек, тамақ ішкісі келетін жандардың 80 пайызы шын мәнінде шөлдейтінін айтты. Не қалайтыныңызды тексеру үшін 200 миллилитр су ішіп көріп, біраз уақыттан кейін не сезінетініңізді түсініп көріңіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!