Сіз білдіңіз бе? Ғалымдар депрессияға түсіретін көкөністі атады

Иран ғалымдары адамдарды депрессияға түсіретін танымал тамыр дақылдарын анықтады. Бұл көкөністі көбіне жастар жиі тұтынады және ол адам ағзасына өте қауіпті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ге сілтеме жасап.

Адамдар уды да, дәріні де тұтынады. Көп жағдайда нутрициологтар мен гастроэнтерологтар диета ұстау кезінде ас мәзірін ауыстырып отыруға және белгілі бір тағамдарды жиі пайдаланбауға кеңес береді. 

Исфахан медициналық университетінің ирандық ғылымдары "зиянды өсімдік тағамдарының" кейбір түрлері депрессияға әкеледі деген қорытындыға келді. Бұл өнім - картоп. PLOS One журналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, картоп адам психикасына нашар әсер етеді. 

Эксперимент қорытындысы қандай?

Ғалымдардың негізгі мақсаты - тағамның адамның эмоционалды жағдайы мен психикасына қалай әсер ететінін түсіну.Осылайша, команда өсімдік негізіндегі тамақтанудың әртүрлі үлгілерін сипаттайтын индекстер жүйесін әзірледі.Экспериментке 18 жастан асқан екі мыңнан астам адам қатысты. Бір жарым жыл бойы ғалымдар респонденттерді бақылады. Кейін бұл деректер адамдардың жынысы, жасы, зиянды әдеттері және әлеуметтік мәртебесіне сәйкес талданды. 

Зерттеушілер өсімдік өнімін орташа тұтыну жағдайында адам бойына даритын энергия мен қоректік заттарды есептеді. Зерттеуге қатысушылар бұдан бөлек мазасыздық пен депрессия шкаласының (HADS) ирандық нұсқасы бойынша сынақтан өтті. 

Нәтижесінде картопты, тазартылған дәнді дақылдарды және десерттерді жиі тұтынған азаматтарда депрессия мен мазасыздық белгілері байқалды. Олардың қатарында жеміс шырындары мен қант мөлшері жоғары жеміс сусындарын ішкендер де бар. 

 Фото: pixabay

Қандай тағамдар жеген ағзаға пайдалы?

Дәнді дақылдар, жаңғақтар, бұршақ дақылдарын үнемі жейтін және диетаға өсімдік майларын қосатын, түрлі жемістер мен көкөністерді жейтін адамдар тобы жақсы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ олардың психологиялық жағдайы да тұрақты болып шықты. Бұл тізімде егде жастағы адамдардың қарасы қалың. 

Мақалада картоп пен тазартылған дәнді дақылдардың жоғары гликемиялық индексі туралы айтылған. Картоп құрамындағы қоректік заттар өте аз мөлшерде кездеседі. Бұл комбинация ішек микробиотасына қауіпті және әртүрлі қабынуды тудырады. Тіпті адамның психикалық денсаулығына кері әсер етеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!