- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сыйлыққа шыны стақан:...
Сыйлыққа шыны стақан: пара-армрестлинг жүлдегерімен сұхбат
Пара-армрестлингтен әлем чемпионы Зарина Примак спортқа қалай келгені және халықаралық турнирлердегі жеңістері үшін қандай марапаттарға ие болғаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
Бұған дейін қазақстандықтар пара-армреслингтен әлемнің сегіз дүркін чемпионына шыны ыдыс сыйға берілгеніне наразылық танытқан еді. Спортшының айтуынша, оның жетістіктерін әкімдік өкілдері ескермеген.
"Абай ауданы Жарма ауданы әкімінің орынбасары мен тұратын Шар қаласының "Жастар ресурстық орталығының" директоры келіп, маған Жастар үйі атынан осы заттар мен алғыс хатты табыс етті. Әлем чемпионаты алдында армрестлингке төрелік еткені үшін алғысын білдірді", - деді Зарина Tengri Sport тілшісіне.
- Әлем чемпионатында жеңіске жеткеніңіз үшін олар сізге ештеңе берген жоқ па?
"Жоқ, олар мені тек құттықтады, менің қанша рет әлем чемпионы болғанымды білмейді: "Сегіз дүркін, сегіз мәрте" десем де, құлаққа аспады", - деді спортшы.
- Ал алдыңғы жеңістер үшін қандай да бір сыйлық берілді ме?
"Жоқ, Мен олардан ешқашан ештеңе алған емеспін. Бапкер Төлеген екеуміз шетелге бардық, тіпті жолымызға да ақы төленбеді. Ұшақ билеттерін алып берді, бірақ билеттер ұшақ кешігіп келгеннен күйіп кетті. Жаттықтырушы өз ақшасына алуға мәжбүр болды. Әуекомпания билет ақшасын қайтарады ма, қайтармайды ма, ол жағы әлі белгісіз", - деді чемпион.
- Жалпы сіздің өңірде спорттың бұл түріне қолдау көрсете ме?
"Армрестлинг командасының өкілі ретінде стипендия аламын. Шамамен 180 мың теңге", - деді Примак.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек