- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Сыйлыққа шәйнек берді“...
“Сыйлыққа шәйнек берді“ - әлемнің екі дүркін чемпионы
Қол күрестен Азияның төрт дүркін, әлемнің екі дүркін чемпионы Жарқынай Рахымбаева "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қол күресі олимпиадалық спорт түрі болмағаннан кейін қатты көңіл бөлінбейді.
"Біздің жарысқа баруымызға ақша бөлінетін шығар, бізге жетпей қалады. Қазақстан чемпионатына да өз қаражатымызбен барған кездеріміз болды. Әлем чемпионатына баратын кезде жылқымызды сатып, кәсіпкерлерден ақша сұрап барған сәттер болды. Тренерім 500 мың несие алып, үш жылқы сатып, Венгрияға бармақ болғанымызда визаға үлгермей қалып, бара алмадық. Барлық ақшамыз күйіп кетті. Ауызбен айту оңай. Үш жылқыны әкем маңдай терімен тапқан еді. Осы жағдайдан соң өкпе-реніш болды. Былайша айтқанда, ақшасы көптер өтіп кетуі де мүмкін. Мұны біз айтқанымызбен, жек көрінішті болып қаламыз. Өзгелер секілді ту көтергенде бізді де қарсы алатын адам болса ғой", - деді Жарқынай Рахымбаева.
Сондай-ақ әлем чемпионы аудандық спорт басқармасынан ең қымбат сый ретінде электр пеші мен электрлік шәйнекті сыйға алғанын айтты.
"Азия чемпионатынан келген кезде Жамбыл облысы қабылдауына шақырған жоқ. Меркі аудандық бұқаралық спорт басқармасынан электрлік пеш, кейінгі жарыста электр шәйнегін сыйлады. Осы уақытқа дейін Меркі ауданының қабылдауында болмадым. Азия чемпионатынан келгенде спорт басқармасындағылар тек қана бір шоқ гүлмен күтіп алды. Біз қанша жарыстан келсек те әлеуметтік желідегі парақшаға жетістігімізді жарияламайды", - деді спортшы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы