Үйде үстел үстінде тұрған әдемі гүл шоғына қарап, жақында болған кездесуді, мерекені немесе басқа қуанышты сәтті еске түсіруге болады. Алайда кейде қымбат гүлдің өзі бірнеше күннен кейін солып қалады. Гүлдің өмірін ұзарту үшін не істеуге болады?
Гүлдің қаптамасын алып тастаңыз
Гүлшоғы әдемі қапталған болса да, гүлдер ұзақ тұру үшін оларды қаптамадан босату керек. Гүлдердің арасында бос орын мен ауа болуы керек.
Гүлді суықтау жерге қойыңыз
Кесілген кез келген гүл өзін салқындау жерде жақсы сезінеді. Алайда оны жел соғатын жерге қалдырмаған дұрыс.
Бөтелкедегі суды қолданыңыз
Құбырдан ағатын судың сапасы нашар болады, сондықтан құмыраға бөтелкедегі суды құйған жөн. Бөтелкедегі су әдетте жұмсақ және онда зиянды қосылыстар жоқ.
Жапырақтарын алып тастаңыз
Гүлдердің суға батып тұрған сабағындағы жапырақтарын алып тастаңыз. Себебі суда тұрған жапырақ тез шіриді.
Сабағын қиыңыз
Сатушы гүлді судан алып, қағазға орай бастаған кезде оның сабақтарының түбі қатайып кетеді. Содан соң оларға суды сіңіру қиынға соғады. Сондықтан гүлді үйге әкелгеннен кейін олардың сабағының түптерін бір қиып шығыңыз.
Солып қалған жапырақтарды жұлып тастаңыз
Кеуіп кеткен немесе шіріген жапырақтар сау гүлдер үшін жұқпа көзіне айналады. Сондықтан гүл ұзақ өмір сүру үшін олардан уақытында арылып тұру керек.
Суға спирт немес қант қосыңыз
Гүлшоғының өмірін ұзарту үшін құмырадағы суға 1 шай қасық медициналық спирт құюға болады. Ол суды залалсыздандырады және онда микроағзалардың жиналуына кедергі болады. Қант та гүлшоғының өмірін ұзартады.
"Күйеуім неге сыйлық бермейді?" Психолог негізгі 6 себепті атады