- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сыйлаймын!" Жұлдыз Абдукаримова Қайрат...
"Сыйлаймын!" Жұлдыз Абдукаримова Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады
Фото:
Әлеуметтік желі
Танымал актриса Жұлдыз Абдукаримова күйеуі Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады. Өнер иесі биыл 35 жасқа толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Халықтың, сахнаның, ағайынның Қайраты, туған күніңмен! Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін. Тілерім, тура жолда адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын! Тыңдарманның қошеметі кемімесін! Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын! Сыйлаймын!" - деп жазды ол.
Өнер иесінің балалары әкесіне арнап, ән арнады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек