Антикор 1424 Whatsapp чат-ботын іске қосты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Енді әрбір азамат жемқорлық туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.
"Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы шынайы ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген. Біз өтініш толық құпия болатынына кепілдік береміз. Барлық хабарлама міндетті түрде қаралады және құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Алайда Антикор сыбайлас жемқорлық туралы жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова