- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сыйақы қарастырылған: ҚМА...
Сыйақы қарастырылған: ҚМА қауіпті қылмыскерлерге іздеу жариялады
Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне іздеу жариялады. Ақпарат берген адамдарға сыйақы қарастырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүр.
Еске салайық, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысқан болатын.
Рейдерлік шабуылдар бойынша соталды тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасып жатыр.
ҚМА өкілдері іздеудегі адамдардың қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпараты бар адамдарды сенім телефонына хабарласуды сұрады.
8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56. Ақпарат беретіндерге сыйақы қарастырылған.
Еске салайық, былтыр 14 желтоқсанда Алматыда бизнесмендерге күн көрсетпеген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған болатын. Қаржы мониторингі агенттігі Қоспаев пен оның сенімді тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді тіркеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина